«Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері»  КММ
КГУ «Детский круглогодичный оздоровительный лагерь при управлении образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

80 оқушы «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының облыстық слетіне жиналды

01.11.2024

Күзгі каникул кезеңінде «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагерінің базасында Атбасар, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қалаларынан 80 оқушыға арналған сауықтыру ауысымы ұйымдастырылды. Ауысым шеңберінде оқушылар үшін балаларды біріктіруге арналған белсенді іс-шаралар, спорттық жарыстар, таза ауада ойындар ұйымдастырылды. 30 қазанда оқушылар арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өткізілді. Слет Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті превенция басқармасының бас маманы Аманжол Құсайыновтың, «Жастар таңдауы-Ақтөбе» қоғамдық бірлестігінің топ-менеджері Алуа Беспалинаыңң және «Фиеста» педагогикалық жасағының тәлімгерлерінің қатысуымен өтті. «Слет аясында балаларға арналған бірнеше кезеңнен тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын ұйымдастырылды. Ойынның авторы Степногорск қ. Л. Н. Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының тарих және құқық негіздері мұғалімі Довгаль Наталья Николаевна. Бұл ойын мұғалімнің авторлық жобасы», - деп бөлісті облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Ли. Ойын барысында балалар өз білімдерін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Нақтыласақ, бірінші орынды Көкшетау қаласының оқушылар командасы, екінші орынды Бурабай ауданының оқушылары, үшінші орынды Зеренді ауданының оқушылары иеленді. Салтанатты марапаттау аясында барлық балаларға бағалы сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст