30.12.2024
Баршаңызды шаттық пен қуаныш әкелетін - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жарқын да шуақты мереке, кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қойып, қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтеміз. Баршаңызды жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын. Жаңа жылда әр шаңырақта береке – бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын!
Құрметпен, «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің басшысы п.ғ.к. Умурзаков Арман Галимтаевич