Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы 2024 жылғы 13-15 қараша күндер аралығында Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір - сайыс турнирін өткізді. Турнирге Ақмола облысы бойынша 15 ауданнан (Целиноград, Аршалы, Атбасар, Астрахан, Сандықтау, Ерейментау, Жарқайың, Қорғалжын, Ақкөл, Бурабай, Есіл, Жақсы, Бұланды, Зеренді, Егіндікөл ) 3 қаладан (Степногорск, Көкшетау, Қосшы) және облыстық мектеп-интернаттарынан 38 команда - 117 оқушы қатысты. Қатысушылар әр түрлі тақырыпта сөз қозғап, өздерінің шешендіктерін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.