Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығы» КММ 2024 жылдың 19 - 21 қараша аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойғы балалар сауықтыру лагерінің базасында «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауы өтуде. Облыстық байқауға Астрахан, Бурабай, Зеренді, Жақсы, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан оқушылар қатысты.