«Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері»  КММ
КГУ «Детский круглогодичный оздоровительный лагерь при управлении образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі туралы ақпарат

18.10.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы   2023 жылғы 2-4 қазан аралығында Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі базасында XVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілетін болды. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11-сынып оқушылары қатысты.

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиадаға 15 ауданнан, Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан, 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан және ІQanat high school of Burabay 89 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде тұрды. Топ жетекшілері үшін психологиялық тренинг өткізілді. «Думан» педагогикалық жасағының тәлімгерлері олимпиада қатысушыларымен тимбилдингтер мен спорттық ойындар өткізді.

XVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің  жеңімпаздары  мен жүлдергерлерін  шын жүректен құттықтаймыз және олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңінде сәттілік тілейміз !

 

Просмотров: 80


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст