Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылғы 15-17 қазан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жасдәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Байқауға 16 ауданнан, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге мектепішілік және аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен 81 оқушы қатысты.
Байқау екі тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалды
ІІ тур - 4 номинация бойынша өткізілді:
-«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы;
-«Шағын Отанымның символы» номинациясы;
-«Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы;
-«Менің туған өлкем» номинациясы.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!