Сіздерді «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің атынан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
25 қазан — біздің Отанымыз үшін ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл - ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Құрметті жерлестер ! 25 қазан Республика күні мерекесі құтты болсын ! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын ! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін ! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын !