Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 22 – 24 қазан арлығы күндері Х республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңін Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылы «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеті: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын тану, оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсету. Облыстық байқауға 100 – ден аса оқушы 6 номинация бойынша қатысты.