Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылғы 26-28 қазан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттелерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Олимпиаданың міндеттері: географияны табиғат пен қоғамның дамуындағы кеңістіктік заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде дәріптеу; дарынды және талантты әр оқушының өзін-өзі жетілдіру мақсатында географиялық зерттеулерге белсенді қызығушылықты ынталандыру; өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы озық білім беру технологияларының платформасы ретінде география пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың беделі мен мәртебесін арттыру; мектептің географиялық олимпиадалық қозғалысы үшін платформа құру; елдің «Тұрақты даму тұжырымдамасының» мақсаттарына жетуде географияның кең мүмкіндіктерін қамту және ашу; үздік әлемдік білім беру тәжірибелері арқылы олимпиадаларға қатысушылардың әлеуетін арттыру. Олимпиадаға 17 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен барлығы 100-ден аса оқушы қатысты.