Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастырумен Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Бұланды аудандарының білім алушылары «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагеріне» күзгі демалысқа 90 жуық бала қабылданды, құрамы жетім, жартылай жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балалары мен үздік оқушылар құрады. Балаларға бес мезгіл тамақ беріліп, тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. «Шебер қолдар», «Жас суретшілер», «Хип-хоп» және ұлттық би, «Жасдәурен әншісі», «Актерлік шеберлік» атты үйірмелер балалардың қабілеттерін ашып, лагердегі күндерін қызықты өткізуге үлес қосады. Спорт кешенінде ойындар (арқан тарту, баскетбол, волейбол, пионербол) және көңілді эстафеталар ұйымдастырылды, шахмат, тоғыз құмалақтан жарыс өткізіледі. «Жасдәурен» демалыс лагерінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін дәрігер және мейірбике, психолог, «Думан» ПЖ тәлімгерлері жұмыс істеді.«Күзгі демалыс лагерьі» 2023 жылдың 30 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін жалғасады.