Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылдың 8 – 10 қараша күндері аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында мектеп оқушылары арасында облыстық пікір – сайыс турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты – Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы мектеп оқушыларын әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселерді шешу жолдарына дағдылау. Облыстық турнирге 16 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен барлығы 90 жуық оқушы қатысты.