Текст
2023 жылдың 15 – 17 қараша аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтуры лагерінің базасында «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауы басталды. Байқау жұмысының мақсаты: зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру. Облыстық байқауға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Зеренді, Жарқайың, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Қосшы қалаларынан 47 оқушы қатысты.