Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2023 жылдың 22 қарашасы күні Сандықтау ауданы «Жас дәурен» жыл бойы балаларды сауықтыру лагерінде қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Білім алушылар конитнгентін сақтау, оқыту мен тәрбиелеу сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі» атты облыстық оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, тәрбие процесінің сапасын арттыру және балаларды қамтуды ұлғайту. Облыстық семинарға қосымша білім беру ұйымдарынан барлығы 47 педагог қатысты.