Құрметті әріптестер !
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын ! Бұл күн – ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Тәуелсіздік жылдары ұлттық рухымыз жаңғырып, білім көкжиегі кеңіп, дарынды, талантты жастарымыз ел мерейін асырды. Еліміздің көк байрағы желбіреген абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге айналдық.
Бүгінгідей ұлы мерекеде баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңізге шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін.
Ел болашағы болар білімді де білікті, парасатты да пайымды, тәрбиелі де тағылымды ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан көркейіп, нығая берсін. Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Құрметпен,
«Ақмола облысы білім басқармасының
жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің
басшысының м.а. А.Умурзаков