Текст
«Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында ағымдағы жылдың 15 – 18 желтоқсан аралығында облыстың әр аудандарынан келеген 100 – жуық мектептің өзін – өзі басқару көшбасшылары, дебатерлер, мектеп Президенттері, аудандық облыстық олимпиадалардың, конкурстардың, ғылыми жобалардың жеңімпазадары үшін «Ұлы дала» жастары көшбасшыларының аусымы ұйымдастырылды. «Ұлы дала» жастары көшбасшыларының аусымының мақсаты Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет ғұрып, салт - санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру болып табылады.