Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығы» КММ ұйымдастырумен 2023 жылдың 20 – 22 желтоқсан аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың «Алаш – Орда: Қоғамдық және ұлттық идея» тақырыбында облыстық форумы өтті. Облыстық форумға Атбасар, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарынан 28 оқушы үш номинация бойынша қатысты. Байқаудың мақсаты: ұлттық сана – сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік есте сақтаудың даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу.