Текст
2023 жылдың 27 желтоқсан күні «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің педагогтер мен қызметкерлердің бүлдіршіндеріне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. Игі іс-шараны лагердің педагог қызметкерлері және кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. Балғындарға «Сиқырлы мүсін» ойыны ойнатылып, «Орман ішіндегі мереке» ертегі қойылымы сомдалды, «Жаңа жыл» әнін орындаса, «Ырғақты қимылдар» ойыны кешті одан әрі көңілді ете түсті. Мереке соңында барлық кішкентай бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.