Сандықтау ауылында жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагері базасында "БІЛІМДІ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" атты жас педагогтар форумы 2024 жылдың 4 – 5 қаңтар күндері өтті.
Іс-шараға жас педагогтардан басқа аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, педагог-тәлімгерлер және "Білімді жастар"жас педагогтар одағының төрағалары қатысады.
Форум аясында "BILIMDI JASTAR" дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, жас педагогтардың Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Жетпісбайұлы Оразалинмен кездесуі өтті.
Жас мұғалімдер облыстың бас мұғаліміне педагогтың қасиеттері, кәсіби өсудің маңыздылығы туралы сұрақтар қойды. Оларды өңірдегі жас мамандарға қандай қаржылық қолдау шаралары көрсетіліп жатқаны да қызықтырады.
Шоқан Жетпісбайұлы жас педагогтармен әңгімелесу барысында өзінің ұстаздық тарихы мен педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Ол жұмыста ұстанатын негізгі принциптер туралы да айтып берді.
Бұдан әрі жас педагогтар үшін облыстық әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің өкілдері "Ортақ мақсаттарға бірлікте" тренинг-активін өткізді.
Форумның екінші күні жас мамандар "Жас педагогтың шеберлік аумағы" шығармашылық зертханасы (көрме), "Білім беру қарқындылығы" ФОРСАЙТ-алаңы, интерактивті презентация алаңының траекториясы және "Сіздер бәрін жасай аласыз!» тренингіне қатысады.