Текст
60-қа жуық ақмолалық оқушылар үшін ағымдағы жылдың 21 – 28 қаңтар аралығында Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылындағы «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» базасында Көкшетау қаласы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандарының 7 сыныптың оқушыларына арналған «Ұлы дала елі» ауысымы ұйымдасытырылды. Ауысым барысында оқушылар оқу мен демалысты біріктірді. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін тренингтер, тимбилдингтер, жылжымалы ойындардан тұратын ауқымды бағдарлама ұсынылды.