«Ақмола облысы білім басқармасының жаныныдағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Музыкалық жетекші (1 жүктемесімен)
Конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыну қағидалары және оны өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда № 7495 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" тіркелді.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2024 жылғы 16-26 ақпан аралығында.
Өтетін орны: Сандықтау ауылы, Бәйтерек көшесі, 1 ғимарат.
Телефон/Эл. пошта анықтама үшін: 87164093700
ocpd@aqmoedu.gov.kz; ocrsad2014@mail.ru
Білім беру ұйымының музыкалық жетекші лауазымына кандидатқа біліктілікке қойылатын талаптары:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістемесін білуге;
балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық даму бағдарламаларын орындауға;
білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы шеңберінде балалармен бұқаралық іс-шараларды (музыкалық кештер, ойын-сауық, ән айту, хороводтар, билер, қуыршақ және көлеңкелі театр көрсетілімдері және өзге де іс-шаралар), балалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалануға;
ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс балаларды дамытуға;
музыкалық аспапты кәсіби қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;
музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген;
музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді анықтайды;
дене шынықтыру сабақтарын, спорттық демалыстар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруға қатысады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына қатысады;
білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге консультация береді;
музыкалық даму деңгейлерін қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 120 000 теңгеден 180 000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
2)Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) Білім туралы құжаттардың көшірмелері
лауазымдар үлгілік талаптармен бекітілген біліктілік талаптарымен
педагогтердің біліктілік сипаттамалары;
5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген);
№ 21579);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Бос немесе уақытша кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола облысы білім басқармасының жаныныдағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылы, Бәйтерек көшесі 1 ғимарат мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс.
Телефон/Эл.анықтама мекенжайы: 87164093700, ocpd@aqmoedu.gov.kz, осrsad2014@mail.ru