Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні құрметтің, жанашырлықтың, достық пен халық бірлігінің символы болып табылады.
Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке - бірлік тілеймін!
Құрметпен,
«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің басшысының м.а. п.ғ.к. А. Умурзаков