Текст
2024 жылдың 3 – 5 сәуір күндері аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылындағы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері базасында Демократиялық Ауғаныстан Республикасынан шектеулі контингент әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмысы байқауы басталды. Байқаудың мақстаы ұлттық сана – сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік есте сақтаудың даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу. Облыстық байқауға Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Бұланды, Есіл, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарынан 35 оқушы бақтарын сынады.