2024 жылдың 18 - 19 сәуір күндері Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылының «Жас даурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде өткізді. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру, Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту. Байқауға облыстың 12 ауданы (Атбасар, Аршалы, Ақкөл, Астрахан, Зеренді, Жақсы, Бурабай, Есіл, Егіндікөл, Ерейментау, Сандықтау, Целиноград,) мен Көкшетау қаласынан және Облыстық мамандандырылған мектеп интернатынан жалпы саны 65 жұмыс қабылданды.