2024 жылдың 2 мамыры күні Көкшетау қаласындағы «BOLASHAQ SARAIY» Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен облыстық білім мекемелелерінің қызметкерлері арасында Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған дәстүрлі «Екі жұлдыз» облыстық ән байқауы өтті. Байқауға әр ауданнан ең үздік 23 жұп қатысты. Әділ қазылар алқасына да шешім шығару оңай болмады. Үздіктердің үздігі өте жоғары дайындықпен келген. Суырылып алдыға шыққандар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен және ақшалай марапатқа ие болды. «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыур лагерінің» абыройын лагердің қосымша білім беру педагогі Армазова Татьяна Михайловна мен музыка жетекшісі Петлай Владимир Викторович «Үйлесімді жұп» номинациясы дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.