Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын !
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін !
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын !
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.
Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз, сардарлар мен сарбаздар аман болсын !
Құрметпен,
«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-нің басшысының м.а. п.ғ.к. Умурзаков Арман Галимтаевич