Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 79 жыл толды. Бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтанұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген осы болар. Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу – біздің басты міндетіміз. Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Жеңістің 79 жылдығы тағы да құтты болсын ! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін ! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін !